10 Ақпан 2020
837

Клиника туралы

 

 

БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ:

   Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы халықтың денсаулық деңгейін арттыру және тіркелген халыққа медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру.

Мақсатымыз:

Халықтың  қажеттілігіне сай келетін басқару мен жоспарлаудың тиімді жүйесін құру

Қызметтің мақсаты:

Бекітілген халыққа барынша сапалы медициналық көмек көрсету.

 

№ 5 қалалық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Санитарлық талаптар мен нормаларға сай 2 корпустан тұратын ауысымына 500 келушіге  арналған  заманауи типтік емхана.

Тіркелген тұрғындар саны - 54505, соның  ішінде ересектер-36362, балалар -16266, жасөспірімдер –1877,

Медициналық көмек профилактикалық әлеуметтік бағытқа негізделіп ұйымдастырылған, соның ішінде мемлекеттік қызмет:  дәрігерді үйге шақыру, дәрігерге жазылу және тұрғындар тіркелімінің регистрі онлайн-режимінде ұсынылады.

Медициналық көмек көрсетудің сапасы    «Қағазсыз аурухана» және «Кезексіз емхана» концепциясы бойыншаіске асыруға бағытталған.

«Бүгін сен үздіксің  – ертең барлығы»

2011 жылы емхана «Кезексіз емхана» республикалық рейтингтік жобасына қатысып, республикадағы ең үздік емханалардың бірі болып танылып, емхана басшысы  республикадағы үздік менеджерлердің құрамында халықаралық стандарттар бойынша озық тәжірибені енгізу мақсатында  Финляндияда тағылымнан өтті.

Басымдықтар:

Бастапқы медициналық санитарлық көмек  жүйесі жанұялық денсаулық орталығы негізінде ұйымдастырылып жалпы тәжірибе дәрігерлерімен көмек көрсетіледі .

Халықаралық стандарттарға негізделген озық тәжірибе енгізіліп: психолог және әлеуметтік қызметкерлермен әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілетін – «Пациентке қамқорлық» үйлестіру орталығы, «Жүректен жүрекке» қарт адамдар клубы,  «Денсаулық» мектебі, салауатты өмір салты кабинеті және шылымға қарсы орталығы құрылып, жұмыс жүргізілуде.

Медбикелік істі дамыту барысында   МАСК көрсететін дәрігерлердің бір қатар функциясы учаскелік 2 және 3 медбикеге жүктелді.

Стационар алмастырғыш технологияны дамыту  нәтижесінде 35 койкіге арналған күндізгістационар және үйдегі стационарда емделу жұмыс жасауда.         

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде

«Емдеуге жатқызу бюросы» порталы, онкорегистр, жүктілер регистрі, диспансырлық аурулар регистрі, АИС-емхана және т.б жүйелелер электрондық форматта жұмыс жасайды.

Сараланған ақы төлеу енгізілді.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек

Емхананың сағат 08-00-ден 20-00-ға дейінгі жұмыс уақыты аралығында  тіркелген тұрғындарға кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету ұйымдастырылған, ол емхана жұмысы уақытында жедел медициналық жәрдем станциясына көмекке жүгінудің санын  төмендетуге мүмкіндік берді.

Диагностиканың заманауи әдістері:

УДЗ, ЭФГДС, эхоэнцефалограф, колонофиброэндоскоп, бронхоскоп,

спирограф, офтальмоскоп, видеоколькоскоп,  тридмил  жүйе, іштегі ұрыққа КТГ фетальдық аппараты (Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен жасақталу -97,04%-ды құрайды).

Компьютерлік техникамен жасақтау - 100%,  интернет желісіне қосылу 100%.

Медициналық қызмет сапасын басқару қызметі

Ішкі аудит жүйесі,  «Осында және қазір» принципі бойынша 27-83-55 Сенім телефоны жұмыс жасайды.

Нәтижесінде:

Заманауи, озық материалдық - техникалық база әлеуеті мен ұйымдастырылған менеджмент және пациенттің денсаулығына деген қамқорлық үйлесімі:

салауатты өмір салтын қалыптастыру;  

аурулардың алдын алу;

медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын   тұрғындарға қамтамасыз етеді.