10 Ақпан 2020
2035

Құрметті ШЖҚ "№ 5 қалалық емханасы " МКК тіркелген қала тұрғындары.

Егер сізде ТМККК және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуде проблемалар туындаған жағдайда (тиісті дәрілік заттар берілмесе, дәрілік заттарды уақтылы ала алмаса және т.б.), сізден WhatsApp мессенджерінің жедел желісіне хабарласуыңызды сұраймыз, байланыс нөмірі 8 (776) 242-24-40.

Хабарлама жазғанда пациенттің аты-жөнін, тұратын мекенжайын және сізді қызықтыратын препараттың немесе медициналық бұйымның атауын көрсетуіңізді сұраймыз.

 

 


Құрметті №5 қалалық емханасына тіркелген тұрғындар!

Короновирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың  өсуіне байланысты біз  шектеулі жұмыс форматына ауыстық. Емханаға шұғыл қажеттіліксіз келмеуіңізді сұраймыз (уақытша еңбекке жарамсыздық парағына, тегін дәрі-дәрмектер беру мәселелеріне қатысты - мұның бәрі алыстан шешіледі !!!).  Сізге ыңғайлы болу үшін жағдайды басқару орталығы жұмыс істейді, онда сіз өзіңіздің жағдайыңызға байланысты қажетті кеңестерді немесе әрекеттер алгоритмін ала аласыз. Жағдайды басқару орталығының  телефоны: 91-80-60,  8 778 526 70 11.

Сондай-ақ, халықпен жедел әрекеттесу үшін біз «№5 ҚЕ жедел желі» телеграмм - чат құрдық, чатқа сілтеме біздің емхана директорының инстаграм профильдік сипаттамасында, azhgaliyev_t орналастырылған.

Маңызды ақпаратқа назар аударыңыз !!! Егер сізде жіті респираторлы вирустық инфекциялар, соның ішінде COVID-19 қоспағанда, белгілері болса, емхананың фильтріне келіңіз.

Фильтрге келушілер санының өсуін ескере отырып, біз жұмыс жылдамдығын арттыру және сізге ыңғайлы жағдай жасау үшін фильтрдің қызмет көрсету аймағын кеңейттік. Сізден фильтрге келген кезде тыныштықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды сұраймыз.

 


 

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Енді сіз ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК колл-орталығына ұялы байланыс операторы нөмірі арқылы қоңырау шала аласыз.

Колл орталығы нөмірі 8 (778) 046-80-40. 91-80-60 нөмірі де белсенді болып қалады.

 


Құрметті қала тұрғындары! 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі.  Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін  сақтандырылуыңыз қажет. 

 


 

Қымбатты азаматтар!

2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап, ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК №1 отбасы денсаулық орталығы жұмысын Солтүстік-Шығыс -2 ш/а №38 үй

мекенжайында бастады. 

Мақсаты: бекітілген халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету. №1 отбасы денсаулық орталығы №4, №5 және Солтүстік-Шығыс ш/а тұрғындарға алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін болады.

 

 


Құрметті тұрғындар!

№5 қалалық емханасы 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МАСК) көрсететін тіркеу кампаниясын жүргізуді бастағаны туралы хабарлайды.

Әкімшілік

 


Хабарландыру

 

      №5 қалалық емханасында сall орталық ашылуына байланысты 2018 жылдың 1 тамызынан бастап тіркеу бөлімінің телефон нөмірі  өзгереді    

 

91-80-60

 

 

 

 


 

«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

 

 

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

 

Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStorePlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej