10 Ақпан 2020
973

Әкімшілік

 

Умарова Гулара Рахимовна — директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары, 1963 ж.т. білімі-жоғары, еңбек өтілі – 30 жыл, «қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғарғы санаты бар, «Қазахстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі».

1987 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық институтын, педиатрия мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын  Умарова Гулара Рахимқызы 1988 жылы Жәнібек ауданы дәрігерлік амбулаториясынан бастады. 1993 жылы Теректі ауданында аудан педиатрі қызметіне тағайындалды. 1999 жылы Теректі ауданы Федоровка а. отбасылық- дәрігерлік амбулаториясы директоры қызметіне тағайындалды.

2002 жылдың қараша айынан бастап Умарова Гулара Рахимқызы «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы» МККК директоры қызметін де және 2011 жылдан бастап «Облыстық кардиологиялық орталығы» МККК директорының дәрігерлік еңбек сараптамасы бойынша орынбасары және директордың әдістемелік көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс жасайды.  

2014 жылдың сәуір айынан бастап Гулара Рахимқызы ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК алдымен пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі лауазымында, кейіннен 2017ж.10 сәуірінен бастап директордың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс жасайды. 2020 жылғы қараша айынан бастап, ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК директорының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

 

 

 

 

Аймагамбетова  Айнаш  Бисенбаевна – директордың балалар мен босануға жәрдемдесу жөніндегі орынбасары, білімі жоғары, өтілі- 6 жыл.

Аймагамбетова  Айнаш  Бисенбаевна  2012 жылы Марат Оспанов ат. Батыс –Қазақстан мемлекеттік медициналық университетін «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Ақтөбе облыстық клиникалық балалар ауруханасы базасында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 

Аймагамбетова  Айнаш  Бисенбаевна  еңбек жолын облыстық онкологиялық диспансерінде хирург дәрігер қызметінен бастады. 2015 жылдың мамыр  айында облыстық балалар ауруханасына онкогематолог дәрігері қызметіне тағайындалды.

2019 жылы «Интертич» ЖШС дәрігерлік қызметте болды. 

2020 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсан айына  дейін «№5 қалалық емханасы» №1 отбасы денсаулық орталығының  меңгерушісі лауазымында жұмыс жасады.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап ШЖҚ«№5 қалалық емханасы» МКК директорының балалар мен босануға жәрдемдесу жөніндегі орынбасары міндетін атқарып келеді.

 

 

Мендыгалиева Улдай Махуовна – профилактика мен әлеуметтік –психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі, 1967 ж.т. білімі жоғары, өтілі- 30 жыл, «Терапия» мамандығы бойынша бірінші санаты бар, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі». Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 20- жылдығы медалімен марапатталды.

Мендыгалиева Улдай Махуовна 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы №4 қалалық емханасында учаскелік терапевт болып жұмыс жасады. 1999 жылы №20 ОДА директоры міндетін атқаруға тағайындалды.

2010 жылы  ШЖҚ«№5 қалалық емханасы» МКК ДКК терапевт дәрігері қызметіне қабылданды. 2014 жылы директордың  әдістемелік ұйымдастыру жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

2015  жылғы қарашадан бастап ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК профилактика және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісіміндетін атқаруға тағайындалды.

 

Мажитова Айгуль Мухитовна - №1 отбасы денсаулық орталығының меңгерушісі, 1992 ж.т. білімі жоғары, еңбек өтілі  4 жыл.

Мажитова Айгуль Мухитовна 2015 жылы м. Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2016 жылы ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК жалпы тәжірибе дәрігері қызметінен бастады. 2018 жылдың мамыр айынан ШЖҚ «№2 қалалық емханасы» МКК  жалпы тәжірибе дәрігері болып жұмыс жасады.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК №1 денсаулық орталығының меңгерушісі міндетін атқарып келеді.

 

 

Матжанова Мира Жусуповна - №2 отбасы денсаулық орталығының меңгерушісі, 1970 ж.т. білімі жоғары, еңбек өтілі 23 жыл, «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары санаты бар.

Матжанова Мира Жусуповна 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын  №1қалалық балалар емханасында педиатр дәрігер қызметінен бастады. 2002 жылдан Алматы қ. №4 балалар емханасында учаскелік педиатр дәрігер болып жұмыс жасады.

2004  жылы Орал қ. ШЖҚ «№2 қалалық емханасы» МКК   балалар аллерголог дәрігері, кейіннен 2006 жылы директордың балалар жөніндегі орынбасары міндетін уақытша атқарды.  2008 жылдан 2010 жыл аралығында  облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының алдымен педиатр дәрігері, кейіннен спорт дәрігері ретінде қызмет етті. 

2010 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылға дейін  ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК балалар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады.

2012 ж. тамыз айынан бастап Зеленов аудандық орталық ауруханасының дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі міндетін атқарды.

2016ж. және 2018 жылдары  №1 және №2 қалалық емханаларында отбасы денсаулық орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК  №2 денсаулық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

 

Джумагазиева  Айман Кайржановна - №3 отбасы денсаулық орталығының меңгерушісі, 1974 ж.т. білімі жоғары, еңбек өтілі 24 жыл, «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары санаты бар.

Джумагазиева  Айман Кайржановна 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. 1998 жылы №1емхана базасында «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 

Джумагазиева  Айман Кайржановна еңбек жолын Зеленов аудандық  АМБ - де  педиатр- дәрігері қызметінен бастады. 2002 жылдың шілде  айында Переметный АМБ -де жасөспірімдер кабинетінің дәрігері қызметіне тағайындалды.

2007 жылғы қазанда дәрігер-педиатр, ал  2010 жылы Переметный аудандық емханасының Үлкен Шаған дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибе дәрігері қызметіне ауыстырылды.

2016 жылғы қаңтар айынан бастап ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК №3 денсаулық орталығының меңгерушісі міндетін атқарып келеді.