04 Наурыз 2021
114

Жақсылыққа сену үшін оны іске асыру қажет! Оған алып күштің қажеті жоқ

Жақсылыққа сену үшін оны іске асыру қажет! Оған алып күштің қажеті жоқ. Адамдарға күлкі сыйлаңыз, оларға оң энергия беріңіз, бар болғандарына бір- біріңізге алғыс айтыңыз, біз біргеміз. Міне, бүгін, көктемнің алғашқы күнінде "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" еріктілер қозғалысының балалары біздің емханаға келіп, адамдарға азда болса жақсылық пен позитив сыйлады. Еріктілер "Жақсылық желісі" акциясын өткізді және пациенттерге өз қолдарымен махаббатпен тігілген бетперделер сыйлады. Тіпті ең ауыр науқастар да жүректері жібіп, оларға күлкі сыйлады. Бұл өте маңызды, өйткені балалық шақтың бақытты күндерінен бәріміздің есімізде - " өз күлкіңізбен бөлісіңіз, ол сізге тағы бірнеше рет оралады!»