16 Наурыз 2021
138

Бүгінгі таңда вакциналау COVID-19 індетінен қорғанудың жалғыз тиімді әдісі болып табылады.

Бүгінгі таңда вакциналау COVID-19 індетінен қорғанудың жалғыз тиімді әдісі болып табылады.


Осыған байланысты, COVID-19-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің барлығынан учаскелік дәрігерлермен хабарласуды сұраймыз.


01.02.21ж. - 12.03.21ж. дейін «№ 5 қалалық емханасы» бойынша Спутник-V екі компонентті вакцинасымен 85 медицина қызметкері егілді және біздің емханаға тіркелген 25 адам бірінші компонентпен егілді. Барлық вакцинация алғандардың денсаулық жағдайы қалыпты,өзгеріссіз.


Вакцинациялау алдында барлығы инфекционист дәрігердің қарауынан өткен соң, вакцинациялауға рұқсат алады. Вакцинациядан кейін де 30 минут ішінде медициналық бақылауда болады. Тағы үш күн бойы пациенттерге қоңырау шалынып, вакцинациядан кейінгі денсаулық жағдайына сұрау жүргізіледі.


COVID-19 -ға қарсы вакцинациялау жүргізуге арналған егу кабинеті Б корпусының 2 қабатында ұйымдастырылған және барлық қажетті жабдықтармен, шокқа қарсы бұрышпен, вакцинациядан кейін ықтимал қолайсыз салдарлар кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмдерімен, зарарсыздандыру- стерильдеу, эпидемияға қарсы тәртіп қағидаларын сақтау үшін жағдайлармен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, вакцинацияны күтуге және вакцина салғаннан кейінгі бақылауға арналған кабинет ұйымдастырылған, онда жайлы жағдайда бір кесе шай немесе кофе іше отырып, біздің пациенттер инфекционист дәрігерден өз сұрақтарына жауап алады, сонымен бірге біздің психологтардан кеңес те ала алады.