18 Наурыз 2021
239

"№5 қалалық емханасы"МКК шұғыл медициналық көмек бөлімшесінің жүргізушісі Орынбасар Хабибуллиевич Тумангалиевті салтанатты түрде құттықтап, алғыс хатын табыс етті

2021 жылғы 15 наурызда сағат 16.00-де  облыстық денсаулық сақтау басқармасында БҚО ДС басшысының м.а. Арман Талгатович Калибеков ҚР ДСМ Денсаулық сақтау саласындағы жеке үлесі мен мінсіз еңбегі үшін ШЖҚ  "№5 қалалық емханасы"МКК шұғыл медициналық көмек бөлімшесінің жүргізушісі Орынбасар Хабибуллиевич Тумангалиевті салтанатты түрде құттықтап, алғыс хатын табыс етті.

Алғыс хатқа 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай "Gazagstan" республикалық телерадиокампаниясы ұйымдастырған жыл сайынғы "мың алғыс" қайырымдылық телемарофоны аясында Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой қол қойғанын атап өткен жөн.

Биылғы жылы Қайырымдылық марафоны COVID-19 індетімен күресуге белсенді қатысқан денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналды.

Covid-19 пандемиясы кезеңінде Тумангалиев Орынбасар эпидемияға қарсы іс-шараларға, оның ішінде пандемия кезеңінде пациенттерге уақтылы қызмет көрсетуге белсенді қатысып, осы қиын уақытта жоғары жұмыс қабілеттілігін, жауапкершілігін, барынша жинақылығын, шапшаңдылығын көрсетті.