07 Шілде 2021
87

Медицина қызметкерлер күні

 

Медицина қызметкерлер күні

 

2021 жылғы 18 маусым күні сағат 17.00.- де Жастар МҮ-де медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында ерекше көзге түскен медицина қызметкерлеріне марапаттар, грамоталар, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді, қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

№5 қалалық емханасы медицина қызметкерлері ішінен "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалімен жалпы практика дәрігері Искендирова Рима Байгалиевна және ҚР ДСМ алғыс хатымен жалпы практика медбикесі Кустанова Оштав Николаевна марапатталды.

 

Сондай-ақ, кәсіби мереке қарсаңында барлық медициналық ұйымдарда, оның ішінде біздің емханада медицина қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен "пациентті тану" номинациясында "Үздік дәрігер" және "Үздік мейіргер" атағына пациенттердің дауыс беруі ұйымдастырылды. Бұл номинацияда балалар дәрігер-невропатологы Мусина Бибинур Ермековна жеңімпаз атанды! Біз шын жүректен әріптестерімізді лайықты марапатпен құттықтаймыз!