07 Шілде 2021
74

«Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай №5 қалалық емханасында мейіргерлер мен дәрігерлер арасында байқау оздырылды.

Сайыстың ережесіне сәйкес «Үздік дәрігер» және «Үздік мейіргер» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталуы тиіс. Байқау арнайы жәшікке дауыс беру парақтарын салу арқылы ұйымдастырылды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған дәрігер мен мейіргер анықталды. «Үздік дәрігер» аталымы бойынша дәрігер-балалар невропатологі Бибинур Ермековна Мусина, «Үздік мейіргер» аталымы бойынша күндізгі стационар медбикесі Айсулу Наримановна Кыдырашева үздік деп танылды. Жүлделі дәрігер Бибинур Ермековна Мусина БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Талгатович Калибеков табыстаған мадақтамаға ие болды. Ал жеңімпаз мейіргер Айсулу Наримановна Кыдырашева №5 қалалық емханасы кәсіподақ ұйымы табыстаған сыйлыққа ие болды.