24 Қыркүйек 2021
58

«Салауатты өмір салты ғасыр ұраны» ұранымен «Скандинавиялық жүру» Марафоны

2021 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 15.00-де  №5 қалалық емханада, корпус Б  «Салауатты өмір салты ғасыр ұраны» ұранымен тұрғындар арасында «Скандинавиялық жүру» Марафоны өтті.

«Скандинавиялық жүру» марафонына медицина қызметкерлері, егде жастағы пациенттер және ерікті  тұрғындар қатысты. 

Мақсаты: қоғамның, көптеген тұрғындардың белсенді өмір салтын жүргізуге назарларын аудару, ересек және егде жастағы тұрғындардың денсаулық үшін қимыл белсенділігінің артықшылықтары туралы ақпараттандыру. Дене белсенділігі дағдыларын қалыптастыру сонымен қатар, аурулардың пайда болу қаупін азайту мақсатында зиянды өнімдер мен темекі өнімдерін пайдаланудан аулақ жүріп, салауатты өмір салты қағидаларын ұстану.

Жүрек-қан тамырлары аурулары қауіпті, бірақ олардың алдын-алуға болады. Мұндай аурулардың алдын алу тиімді, өйткені қауіп факторларынан, яғни зиянды әдеттерден бас тарту, адам денсаулығының жалпы жағдайына елеулі оң үлесін қосады.