18 Қазан 2021
56

«Халықаралық қарттар күніне»

1 қазан – «Халықаралық қарттар күніне» орай емханамызда еңбек ардагерлерімен мерекелік кездесу өткізілді. Шара барысында шақырылған қонақтар халық денсаулығын сақтау мақсатында аянбай еңбек еткендерін әңгімеледі. Жас мамандармен тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолдарына сәттілік тіледі. Кездесу кезінде бұрынғы медицинаға қарағанда қазіргі медицинаның дамуы, жаңа реформалар, цифрлық медицинаға ауысуы және үлкен өзгерістер болғандығы айтылды. Мерекелік кездесу соңында еңбек ардагерлеріне жылы лебіздер мен тілектер айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.