18 Қазан 2021
58

Қыз балалардың гигиенасы, физиологиялық жетілуі мен салауатты өмір салтын ұстануға дағдылану

№5 Қалалық емханасының отбасын жоспарлау кабинетінің акушер-маманы А.Кулкаева, СӨС мейірбикесі Л. Кужагельдина 14-қазан күні №24 ЖОББМ 8-9 сынып қыз балаларымен " Қыз балалардың гигиенасы, физиологиялық жетілуі мен салауатты өмір салтын ұстануға дағдылану" тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: қыз баланың тәрбиесі, физиологиялық жетілуі, қыз баланың тазалығы. Жасөспірім қыздар өз денсаулығына жауапкершілікпен қараулары тиіс. Жасөспірімдер ағзадағы әсіресе, болашақта ана болуға кедергі келтіретін көптеген патологиялық өзгерістердің қайтымсыздығын түсінулері қажеттілігі жөнінде кеңестер берілді.