18 Қараша 2021
106

«М. Оспанов атындағы БҚМУ деканат өкілдерінің интерндермен кездесуі»

 

 2021 жылғы 17 - қарашада ШЖҚ "№5 қалалық емханасы" МКК конференц-залында интернатура және резидентура деканы Нургалиева Роза Ергалиевна және М. Оспанов атындағы БҚМУ №2 ішкі аурулар кафедрасы деканының орынбасары Курманалина Гулнар Луқпановна №5 қалалық емхана базасында қыркүйек айынан бастап тәжірибеден өтіп жатқан университеттің 6 курс интерндерімен кездесті.  Кездесуге директор Т.Р. Ажгалиев және ОДО меңгерушілері қатысты.

Кездесу барысында қонақтар тәлімгерлердің интерндер туралы пікірін, олардың практикалық қызметінің сапа деңгейін, тәртіптерін, пациенттерге қатысты этика мен деонтологияны сақтауы жөнінде сұрады. Тәлімгерлер интерндерді олардың белсенді өмірлік ұстанымдарын, жұмысқа жауапкершілікпен қарауын, халықты вакцинациялау кезеңінде дәрігерлерге қолдан келгенше көмек көрсетуге дайындығын ескере отырып, тек жағымды жағынан сипаттады.

Роза Ерғалиевна интерндерге - болашақ жалпы практика дәрігерлеріне практикалық дағдылардың білім деңгейін арттыруға тілек білдіріп, жалпы практика дәрігері – ол авангард, медицинаның элитасы екенін атап өтті.  Сондай-ақ, емхана басшылығынаың атына интерндердің практикалық табысты қызметіне қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс сөздер айтылды.

Қазіргі уақытта №5 қалалық емханасында 10 интерн - болашақ ЖПД дәрігерлері, Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттері практикадан сәтті өтуде.