27 Желтоксан 2021
41

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында15.12.2021 жылы №5 қалалық емханасында салтанатты жиын өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында15.12.2021 жылы №5 қалалық емханасында салтанатты жиын өтті. Шара 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Құттықтау сөз сөйлеген директордың орынбасары Умарова Гулара Рахимовна 30 жыл бойына бұл мерекені республикамыздың гүлденуіне өз күш-қуатын сарп еткен әрбір адам тойлап келе жатқанын атап өтті.

Бүгінгі жетістіктер мен өркендеу үшін біз осы күнге дейін қарыздармыз. Ел тарихындағы тағдырлы күн – 16 желтоқсан баршамыз үшін мемлекетіміздің егеменді даму дәуірінің басталуының белгісі. Осы жолды өзіміз таңдай отырып, біз бүгінгі күннің өзінде мемлекетіміздің дамуын айқындайтын патриотизм, бостандық және демократия құндылығын таңдадық. Біз барша қазақстандықтармен бірге осы жылдардағы жетістіктерді мақтан тұтамыз. БҚО денсаулық басқармасы басшысының м.а. атынан,емхана директорынан, НұрОтан партиясы атынан Құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен эидемиолог - дәрігер С.Д.Бекқожа марапатталды,. Алғыс хат жалы практика дәрігері Серікбаев Ж.Ж.,”Senim үздігі” медалімен бас мейіргер Бердешева М. К. марапатталды.

Салтанатты шараға Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары- әріптестеріміз қатысты. Олар жаңа елде, тәуелсіз мемлекетте туып-өсті. Заманауи Қазақстанда медициналық білім алып, осы уақытта олар өздеріне жүктелген міндеттерді сәтті атқарып қана қоймай, емхананың кәсіподақ өміріне де белсене араласып келеді және мерекелік концерт дайындады. Тәуелсіз Қазақстанның барша құрдастарын әріптесіміз 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Т.О.Құрманалиев құттықтады.