«АББ бойынша үздік пациент. АББ бойынша үздік медицина қызметкері» байқауы
5 –қараша күні сағ.15.00 №5 қалалық емханасының конференц залында «АББ бойынша үздік пациент. АББ бойынша үздік медицина қызметкері» байқауы болып өттіү. Байқауға 8 учаскелік мейіргер мен қант диабеті, артериалды гипертензия, СЖЖ ауруларымен диспансерлік есепте тұрған 12 біздің ең белсенді пациенттеріміз қатысты.
Байқау басында барлық қатысушылар үшін «Пациенттердің өзіндік менеджменті және оның АББ -дағы рөлі» тақырыбында презентация ұсынылды.
Ауруларды Басқару Бағдарламасын енгізу нәтижелері:
- Созылмалы жұқпалы емес аурумен ауыратын адамныңөмірінің сапасын жақсарту;
- Созылмалы жұқпалы емес аурулардың асқынуын төмендету;
- Жедел жәрдем шақыру санын төмендету;
- Үйге дәіргер шақыруды төмендету;
- Созылмалы жұқпалы емес аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету;
- Созылмалы жұқпалы емес аурумен ауыратын адамның ортақ жауапкершілігін арттыру.
Пациенттер өз кезегінде осы бағдарлама туралы үлкен қызығушылықпен және ынтамен жауап берді, ауруды басқарудағы өзіндік менеджменттің маңыздылығын атап өтті (дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, АҚ өлшей білу, өзін-өзі бақылау күнделігін толтыру). Қан қысымының төмендеуі, қандағы глюкозаның қалыпқа келуі, салмақтың төмендеуі сияқты оң нәтижелерді атап өтті. Сондай-ақ, емделушілер өздерінің учаскелік мейіргерлерге денсаулықты нығайтуда және сақтауда осындай әдіс-тәсілдер үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орынды медбике Бакишева Жұлдыз және науқас Сегізекова А. Р., 1956 ж.т. иеленді, жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Байқау жоғары жағымды дәрежеде өтті және емделушілер медициналық қызметкерлерге ауруды басқаруда қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
Біздің қымбатты пациенттер-АББ бағдарламасына қатысушылар!
Сіздерге денсаулық және белсенді ұзақ өмір тілейміз.