«Антенаталды күтім»
2022 жылғы 16 – 20 мамыр аралығында, «Антенаталды күтім» тақырыбы бойынша оқу семинары өтті. Оқуды жоғарғы санатты акушер- гинеколог дәрігер, UNFPA ұлттық кеңесшісі – Ан Зоя Николаевна өткізді. Оқуға 30 адам (17 дәрігер, 13 ОМҚ) қамтылды.
Семинарда болашақ баланың дамуы үшін оңтайлы жағдай жасауға және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық, емдеу – алдын алу шараларынан тұратын ұрықты антенаталды немесе босанғанға дейінгі қорғау мәселелері талқыланды.
Дәрігерлердің, орта медициналық қызметкерлердің басты міндеті-баланың дамуындағы туа біткен ауытқулардың алдын алу, оларды ерте диагностикалау және уақтылы емдеу.