«Ашық есік күні»
2022 жылғы 28 мамырда № 5 қалалық емханада балаларды қорғау Күніне арналған Ашық есік күні өтті.
Қабылдауды балалар невропатологы, балалар хирургі,балалар гематологы, балалар аллергологы, балалар окулисті, фтизиопедиатр, логопед, дерматолог жүргізді. Барлығы 207 бала қаралды, 123 патология анықталды.
Емханада Ашық есік күні балалардың денсаулығына назар аудару мақсатында ұйымдастырылды.