“Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы”/”Baby Friendly Hospital” (ДДСҰ/WHO) бағдарламасы аясында біздің емханаға аналар мен олардың балаларының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын “BalaJan” ҚҚ сарапшылары келді
“Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы”/”Baby Friendly Hospital” (ДДСҰ/WHO) бағдарламасы аясында біздің емханаға аналар мен олардың балаларының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асырумен айналысатын “BalaJan” ҚҚ сарапшылары келді.
Сапар барысында біздің мамандардың “емшекпен емізудің 10 қадамына” сәйкестігі бойынша жұмысына мониторинг жүргізілді, біздің емхана мен перзентханалардың сабақтастығы бойынша ұсыныстар берілді, емшекпен емізу тәжірибесін қорғау, қолдау және көтермелеу бойынша жұмыстарды ілгерілету үшін әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, “баланы дамыту кабинетінде”біздің пациенттермен әңгімелер жүргізілді.
Осы бағыттағы белсенді және жоспарлы жұмыс бізге “балаға достық қарым-қатынас клиникасы”мәртебесін алуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Көрсетілген көмек үшін Эльнар Амангелдіқызы мен Науат Өзбекқызына үлкен рахмет!