«Біз сақтандырылғанбыз- денсаулық біздің қолымызда!» ұранымен Флешмоб
2019 жылдың 21 қараша күні «ASIA MOLL» ОСО «Біз сақтандық! Денсаулығыңыз өз қолыңызда!» ұранымен флешмоб болып өтті.
Бұл шараға №5 қалалық емханасы медициналық қызметкерлері мен Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжі студенттері қатысты. Шара барысында сауда үйіне келушілерге МӘМС бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, буклеттер мен парақшалар таратылды.
Тұүсіндіру кезінде МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік беретінін баса назар аударыды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.
Яғни, әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан емдеу немесе қарапайым зерттеулерге әрбір төлеушіге жарналарының мөлшеріне қарамастан төлеуге мүмкіндік береді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді