Емханамыздың құрылғанын 10 жыл!
2020 жылдың 1 қыркүйегінде №5 қалалық емхананың акт залында ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК ашылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты жиын болып өтті.
Ұжым алдында ресми түрде емхана директоры Ажгалиев Тимур Рапхатович сөйледі. Өз сөзінде басшы барлық қызметкерлерді атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, мекеме ашылғаннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерге халық денсаулығын сақтау және нығайту ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді.
Салтанатты шара барысында кәсіподақ комитеті атынан осы жылдар арасында емхана қабырғасында тайынбай қызмет еткен қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
«№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының құрылысы Президенттік «100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» бағдарламасы бойынша салынып, БҚО әкімдігінің 2010 жылғы 1 шілдедегі №149 «Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру туралы» қаулысы негізінде 2010 жылы 1 қыркүйекте жұмысын бастап, облыстың солтүстік-шығыс бөлігі тұрғындарына қызмет көрсете бастады.
Қазіргі уақытта жылы емхана тұрғындар саны 54844 адамға жетті.