Медицина қызметкерлері күні
2022 жылғы 17 маусымда Медицина қызметкері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара аясында денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, кәсіби шеберлігі мен жоғары жеке жетістіктері үшін қызметкерлер құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шарада соңғы жылдары денсаулық сақтау саласы ауыр сынақтарды бастан кешіріп, көптеген медицина қызметкерлерінің оны коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда өткізгені ерекше атап өтілді.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін!