Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара
2022 жылдың 17 маусымында Ғ.Құрманғазы атындағы филармонияда Медицина қызметкері күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Қызметкерлеріміз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Орал қаласы әкімінің атынан Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Медаль «Денсаулық сақтау ісіне қосқан ісі үшін» марапатымен директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Умарова Гүлара Рахымқызы марапатталды.
Медициналық ұйымдардың қызметкерлері арасында өткен дарынды балалар байқауында жүлделі орын алғаны үшін жалпы тәжірибелік медбике Ибрашова Б.Д., 2008 жылы туылған қызы Базарбай Молддирмен бірге дипломмен марапатталды.