«Мейірбике ісін жетілдірудің өзекті мәселелері»
2022 жылдың 11 мамырында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде 12 мамыр – Медбикелер күніне арналған «Мейірбике ісін жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметіне кеңейтілген тәжірибелік медбике функцияларын енгізу туралы» тақырыбындағы баяндамасымен жоғары санатты бас медбике Бердешева Мира Кабдулкаримовна сөз сөйледі.