«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»
ДС министрі Е.А. Биртановтың басшылығымен өткен ҚР ДСМ коллегиясы шешімі туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының хатына сәйкес 23 қазанда №5 қалалық емханасы базасында МӘМС бойынша спикері А.Е. Серікбаевамен емхана медициналық қызметкерлері арасында оқыту семинары өтті, соңынан тест жүргізілді.
Естеріңізге саламыз, 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап ТККМК жаңа моделі мен МӘМС пакеті күшіне енеді.
МӘМС жүйесін енгізу кезінде халықтың жан басына шаққандағы шығыны артады.
Мемлекет сонымен қатар МӘМС жүйесіне қатысуды қамтамасыз ету міндетін азаматтардың 15 санатын өз мойына алады, оның қатарына зейнеткерлер, балалар, көп балалы аналар, халықтың әлеуметтік- осал топтары бар. Бұл 11 млн адам шамасында, медсақтандыру Қоры жарнасы бюджеттік қаржыдан жүргізілетін болады.