Нұсқаулық
Заңды тұлғалар үшін МӘМС аясында жүргізілетін төлем бойынша.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды тұлғалар жұмыс беруші ретінде аударымды есептеу объектісінің (әр жұмыскердің есептелген табысының) 1% есебінен, жалақыдан емес еңбекке ақы төлеу қорынан аударым жасайды.
Келесі жылдары аударымдар келесі тәсім бойынша жүргізіледі:
2018 жылдың 1 қаңтарынан – аударымды есептеу объектісінің 1,5 %;
2020 жылдың 1 қаңтарынан – аударымды есептеу объектісінің 2 %;
2022 жылдың 1 қаңтарынан – аударымды есептеу объектісінің 3 %.
Аударымды есептеу объектісі дегеніміз жұмыскерге табысы, яғни айлық еңбекақысы ретінде төленген жұмыс берушінің шығындары.
Заңды тұлға – жұмыс беруші жұмыскер жарнасын мынадай мөлшерде төлей бастайды:
2019 жылдың 1 қаңтарынан – айлық жалақысынан ұстап қалу арқылы, аударымды есептеу объектісінің (әр жұмыскердің жалақысының) 1 % ;
2020 жылдың 1 қаңтарынан – айлық жалақысынан ұстап қалу арқылы, аударымды есептеу объектісінің (әр жұмыскердің жалақысының) 2%.
Жұмыскер жарнасын есептеу объектісі жұмыскер табысы, яғни олардың айлық жалақылары болып табылады.
Төлемдер банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аударылады. Барлық банктер Ұлттық банктің тиісті хаты арқылы Мемлекеттік корпорацияда мұндай шоттың бар екендігінен хабардар.
Төлемдер келесі есептік айдың 25-не дейін аударылады (алғашқы жарна 2017 жылдың 25 тамызына дейін аударылады).
Не туралы білу маңызды:
- Егер сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда 2017 жылдың 1 шілдесінен жұмыскердің айлық жалақысының 1% мөлшерінде жарна төлей бастайсыз, бірақ бұл жағдайда, аударым/жарна есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы табысы ең төменгі айлық жалақының 15 есе мөлшерінен аспауы тиіс (2017 жылы – 366 885 теңге).
- ҚР Салық кодексінің 100-бабы, 14-2 тармағына сәйкес, жұмыс берушінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуға жұмсалған шығындары КТС (корпоративті табыс салығы) ұстаған кезде өтеледі.
ЖК және соларға теңестірілген тұлғалар (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар), және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар үшін МӘМС аясында жүргізілетін төлем бойынша.
ЖК және соларға теңестірілген тұлғалар, 2017 жылдың шілде айынан бастап 2 ТАЖ (төменгі айлық жалақының) 5% мөлшерінде жүйелі түрде жарна төлейді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар, 2017 жылдың шілде айынан бастап шарт сомасының 5% мөлшерінде жарна төлейді.
Аталған тұлғалар 2017 жылдың шілде айынан бастап банктер және Қазпочта бөлімшелері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына жарналар аударады. Барлық банктер және Қазпочта Ұлттық банктің тиісті хаты арқылы Мемлекеттік корпорацияда мұндай шоттың бар екендігінен хабардар.
Жарналар келесі есептік айдың 25-не дейін аударылады (алғашқы жарна 2017 жылдың 25 тамызына дейін аударылады).
Шоттың нөмірін білудің қажеттілігі жоқ, тек төлем жасаған кезде сіз КНП (төлем) көрсетесіз, бұл ЖК және соларға теңестірілген тұлғалар үшін – 122. Жүйе бұл деректерді автоматты түрде береді және қаражатты тағайындалған мақсаты бойынша жібереді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар үшін төлемді салық агенттері жүргізеді.
Салық агенті – бұл жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде осы Кодекспен төлеу көзінен ұсталынатын салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша жауапкершілік жүктелген заңды тұлға-бейрезидент.
Нені есте сақтаған жөн:
ЖК үшін жарна төлеу мерзімін:
- салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртіптемесінде – келесі есептік айдың 25-інен кешіктірмей;
- патент негізіндегі арнайы салық тәртіптемесінде – ҚР салық заңнамасында қарастырылған, патент құнын төлеу мерзімінде;
- арнайы салық тәртіптемесін қолданатын шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – ҚР салық заңнамасында қарастырылған тәртіпте және мерзімде (жылдың 10 сәуірінде және 10 қарашасында);
- Егер сіз дербес деректерді: алушының ЖСН, ТАӘ қате енгізсеңіз немесе соманы қате көрсетсеңіз, онда төлем Сіздің банктегі шотыңызға қайтарылады. Егер шот ашпай-ақ төлем жүргізілген болса, онда жарна аударғаннан кейін 2-3 жұмыс күні ішінде төлемнің өңделуін қайта тексеріңіз.
Мәлімет үшін:
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін реттейтін ереженің жобасын әзірледі. Ереже жобасымен Министрліктің сайтында (mz.gov.kz) таныса аласыз.
Сондай-ақ, Ұлттық банк, Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына, осы Қағиданың 11-қосымшасында қарастырылған, атап айтқанда, Түбіртек (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар үшін) пен Хабарламаға (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар үшін) өзгеріс енгізді:
1) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, 121 ТБК нөмірімен;
2) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, 122 ТБК нөмірімен.
Уақытылы аударылмаған аударымдар мен жарналар сомалары, төлем күнін қосқанда, мерзімін өткізген әр күн үшін қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселік мөлшерінде есептелген өсімақысымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылуы тиіс.
Төлемдерді (аударымдарды және жарналарды) басқаруды салық органдары жүзеге асырады.