«Әмбебап патронаж моделі»
Балалық шақ – бұл шексіз мүмкіндіктер уақыты! » 2019 жылдың 25-26 желтоқсан күндері №5 қалалық емханасы базасында орынбасарларға, ӘПМ координаторларына және отбасы денсаулық орталықтарының меңгерушілеріне арналған әмбебап патронаж моделі жөнінде оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: бала өмірінің алғашқы жылдарының іргелі маңыздылығы туралы білім деңгейін көтеру, атап айтқанда, бала туу сәтінен бастап 3 жасқа дейін; баланың ары қарайғы өмір бойы денсаулығы, оқуы мен мінез-құлқына әсер ете отырып, нейробиологиялық даму үшін шешуші маңызы бар ми дамуының маңыздылығы. Оқытуды №6 қалалық емханасының дәрігер – педиатры Д. К. Рахматуллина және №5 қалалық емхананың медбикелері А. М. Бисембаева мен Г. С. Магутова жүргізді. Семинар қатысушыларына кіші жастағы баланың дамуына мониторинг жүргізудің 10 қадамы бойынша теориялық, практикалық, ақпараттық-көрнекі материалдар ұсынылды. Бейнероликтер, презентациялар және дені сау бала кабинеті көрсетілді.